Бүйрегін 25 мың долларға сатпақ болған қазақстандық ақша алып жатқан жерінде ұсталды

1 532

Фото: Ақмола облысы ПДАқмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 25 мың долларға бүйректі заңсыз сату фактісінің жолын кескен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде өз ағзасын сатқысы келетіні туралы хабарландыру жариялаған.

Күдіктінің хабарламасы бірден жедел уәкілдердің назарын аударып, арнайы іс-шаралар кешені жүргізілген. Осылайша ер адам Көкшетауда ақша сомасының бір бөлігін алып жатқан сәтінде қолға түскен. 

Тексеру барысында бұл азаматтың бұған дейін де осындай хабарландырулар жариялағаны анықталған. Ер адамнан ақша, ұялы телефон, сондай-ақ медициналық анықтамалар мен талдау нәтижелері тәркіленген.

Қазір қылмыстық іс аясында мән-жайлар анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Аймақтық полиция департаменті Қазақстанда адам ағзаларын сатып алу-сату заңмен тыйым салынғанын және бұл әрекет сатушыға да, делдалдар мен сатып алушыларға да қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.