"Қазақстан 33 миллиард теңгені жоқ адамдар үшін бөлген" - бұрынғы вице-министр үлкен былықтың бетін ашты

1 008

Денсаулық вице-министрі Олжас Әбішев “Голос народа” Youtube-арнасында денсаулық сақтау саласында көлемді қаражаттың өзгелердің қалтасына кетіп жатқанын айтты, - деп "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Оның айтуынша, елімізде жыл сайын 100 млрд теңге дәрілерге бөлінеді. Жыл сайынғы есеп бойынша үш миллион адам дәрілерді тегін алады. Оның ішінде қант диабеті, қан қысымы жоғары және ерекше қажеттілігі бар осал топтарға жататындар бар. Бірақ экс вице-министр бұл сандардың өтірік екенін айтты.


“Бір күні базаны тексерген уақытта тізімдегі үш миллион адамның бір миллионы баяғыда қайтыс болған адамдар екені анықталды. Сонда Қазақстан 33 миллиард теңгені жоқ адамдар үшін бөлген. Бұл схема он жыл жалғасып келді. Демек 300 миллиард теңгеден астам қаржы біреулердің қалтасына кетіп отырды”, – деді Әбішев.


Айтуынша, Біртанов осы кезде 28 адамның үстінен тексеріс жасап, іс қозғады, бірақ қазір бұл істің бәрі қысқарып қалған. Ол мұның орнына сегіз аурухана салуға болатынын айтты.


“Кейін Өзбекстанда елімізде тегін таратылуы тиіс инсулиндер сатылған. Жалған есеп арқылы халыққа берілуі керек инсулиннен пайда тауып жүр. Өзбекстандық журналистердің зертеуінше, 2019 жылға дейін қазақстандық инсулиндер жаппай сатылған, бірақ 2019 жылдары олар жоғалып кеткен. Бірақ Біртанов екеуміз сотталған кездері 2021 жылы қайтып тарала бастаған”, – деді бұрынғы Денсаулық вице-министрі.