Ерлі-зайыптының өліміне себепкер болған полицей сотталды

1 366

Фото: freepik.comАқтөбеде велосипедпен кетіп бара жатқан ерлі-зайыптыны көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен полицейге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

26 және 25 жастағы ерлі-зайыпты оқиға орнында көз жұмды. Олардың артында 4 және 3 жастағы перзенттері қалды. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-полицейдің көлікті масаң күйде айдағаны, жылдамдықты екі есе асырғаны белгілі болды. Сотталушы экс-полиция қызметкері А.С. 34 жаста, №4 қалалық полиция бөлімінде жедел уәкіл болған. Ол екі бап бойынша қылмыстық жауапқа тартылды.

«Қылмыстық кодекстің 345 және 347-баптары бойынша іс сотқа түсті. А.С. айыпты деп танылып, түпкілікті 9 жыл бас бостандығынан және өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылсын. Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде жазасын өтеу тағайындалсын», - делінген сот шешімінде. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.