Өскеменге Алматы мен Нұр-Сұлтаннан пойыз күн сайын қатынайтын болды

357

Фото: Қазақстан Темір ЖолыНұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Өскеменге қатынайтын пойыздардың жиілігі артады. 


Қазақстанның ведомствоаралық комиссиясының 2021 жылғы 16 маусымдағы шешіміне және Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2021 жылғы 18 маусымдағы хатына сәйкес келесі жолаушылар пойыздарының жүру жиілігі артады: 


23 маусымнан бастап №68/67 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен-1" пойызы аптасына 1 рет қатынаудың орнына күн сайын жүретін болады. 


№351/352 "Алматы-2 – Өскемен-1" күнара қатынаудың орнына күн сайын қатынайтын болады.


 Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық өзекті ақпаратты «105» нөмірі бойынша, Bilet.railways.kz сайтынан және "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ аккаунттарынан алуға болады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.