Мұғалімдердің сынып жетекші болғаны үшін төленетін ақысы өседі

2 513

Фото: depositphotos.comОқу-ағарту министрі мұғалімдердің жалақысын көтеру үшін есептеулер жүріп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстандық мұғалімдердің сынып жетекші болғаны үшін жалақысы көтеріледі. Бұл туралы үкіметтің брифингінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.


Бұрыннан сынып жетекшілік үшін қосылатын ақшаның аз екені, ал жұмыс көлемі тым көп екені талқыланып келеді. Оған Бейсембаев та келісіп отыр.


"Мен бұл соманы қайта қарау қажет екенімен келісемін. Осы бағытта есептеулер жүргізіп жатырмыз. Біз сынып жетекшілерге бонусты көтереміз. Әлбетте, көп жұмыс істейтін ұстаздарымызды көтермелеу керек. Оның үстіне биыл оқу-тәрбие жұмысын күшейткенімізді естідіңіздер", – дейді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ сыныбының жетістіктері мұғалімнің аттестациялауында қамтылатынын атап өтті.


"Біз оны сертификаттау жүйесіне енгіздік. Бұрын мұғалімдеріміздің белсенділігіне байланысты сыныпты басқару қосылмаса, қазір ол енгізілді. Сондықтан мұғалімдер бұған қызығушылық танытады. Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жақын арада оң шешім болары анық", – деді министр.

Алайда ол ақшаның қаншалықты көтерілетінін айтқан жоқ.


"Айтуға әлі ерте. Бұл лайықты ақы болғанын қалаймыз. Менің ойымша, екі есе көбею керек", – деп қосты ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.