Техника дүкенінің жарнамасы көпшіліктің наразылығын туғызды

3 355

Желіде Mechta.kz электроника және тұрмыстық техника дүкендері желісінің жарнамасындағы қате жұрт наразылығын туғызды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі massaget.kz сайтына сілтеме жасап.


Желі қолданушлары мұндай аудармаға наразы болды. Компания бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген. Олардың айтуынша, жарнамадағы қате бірнеше сағат ішінде түзетілген. 


"Жалатқыштар жинағы! Өткен аптада бірнеше сағат ішінде елорда тұрғындары жарнаманың аудармасындағы қатені байқады. Қате бірнеше сағат ішінде түзетілді. Сөзді теріп жатқанда қате кетті. Жылытқыштарға қызығушылық артты, сондықтан сіздерге жылытқыш топтамасын ұсынамыз. Орталық жылу сіздерді жылытпаса да, біздің жылытқыштар жылытсын", - деп жазған олар әлеуметтік желідегі парақшада. 


Желі қолданушылар бұған қатысты түрлі пікір қалдырған. 


"Кешірім сұраңыздар. Байқаусызда емес, бұл - өрескел қате", "Тілім үшін тегін аударып берейін", "Аудармашы дұрыс жұмыс істемей ме?", "Қателікті қателікпен жөндепсіздер! Қазақша аударманы жөндеңіздер", "Жалатқыш дегенді бір қызметкер қайта аударып тексеріп көрмеген бе?", - деп жазған олар. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.