Әйелінің интимдік суреттерін таратқан тұрғын сотталды
Оралда әйелінен ақша бопсалап, оның интимді суреттерін туысқандарына жіберген ер адам сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Батыс Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, ерлі-зайыпты некеде болғанда әйел күйеуінің сұрауымен оның Whatsapp нөміріне өзінің интимді суреттерін жіберген. Олар жанжалдасып қалған соң әйел ажырасқысы келетінін айтып, сотқа жүгінді.
Сотталушы ажырасуға келісім бермеген. Ол әйелін масқараламақ болып, ақша бопсалап, жалаңаш суреттер таратып жіберемін деп қоқан-лоқы көрсеткен. Сөйтіп ер адам әйелінің интимді суреттерін Whatsapp арқылы қайын атасына және туысқандарына жіберген.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.