Әйел күйеуін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

1 700

Фото: delfi rusТүркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында 49 жастағы әйел 30 жыл отасқан күйеуін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 12 сәуір күні орын алған. Марқұмның інісінің айтуынша, әйел жолдасын қылқындырып өлтірген.


Сайрам аудандық соты «Адам өлтіру» бабымен іс қозғап, күдіктіні 2 айға қамауға санкция берді.


Күдікті мен марқұмның кәмелет жасқа толған ортақ 4 баласы бар. Олардың үлкені әкесі ішімдік ішіп, анасын көп ұратынын, талай рет үйден қашып, далада қонғанын айтты.


Ауылдық  учаскелік полицейі марқұмның ішімдік ішкенін, отбасылық жанжал мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан күдікті 2019 жылы «полиция қамқорлығына алынғанын» айтады.


Дегенмен 2023 жылдан бері әйелі күйеуінің үстінен бір де бір рет шағым түсірмеген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.