Он екі жыл бойы іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды

199

Он екі жыл бойы іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«54 жастағы әйел, Батыс Қазақстан облысының тумасы, Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 3-бөлігінде (Алаяқтық) көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болды. Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген», - деп жазды Ішкі істер министрлігінен.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстады. Тәртіп сақшылары оны Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.