АҚШ пен Қытай арасындағы қақтығыс Дүниежүзілік соғысқа әкелуі мүмкін
391
9Fortyfive атты американдық басылымның шолушысы Роберт Фарли АҚШ пен Қытай арасындағы қақтығыс Дүниежүзілік соғыстарға әкелуі мүмкін дейді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
“Вашингтон мен Бейжің арасындағы қақтығыс бір шешуші қақтығыспен аяқталмайды, керісінше бірқатар қарулы әрекеттерге әкеледі", – деп жазады ол.Екі ұлы держава Тайвань үшін күрес бастауы мүмкін.
“Қытай Тайвань науқанында жеңіске жетсе де, бұл Құрама Штаттармен түбегейлі қайшылықтарды жоймайды. Азия мемлекеттерінің Қытайдың әскери жетістіктеріне реакциясын болжау оңай болмаса да, осы оқиғадан кейін Вьетнам, Жапония және Оңтүстік Корея сияқты елдер Вашингтонмен тығыз қатынасқа ұмтылады деп айта алмаймыз. Бұл тағы бір қақтығыстың алғышарттарын туғызады", – делінген хабарламада.
Тынық мұхитының батысындағы кез келген қарулы қақтығыс апатқа айналады және Азия мен Солтүстік Америка арасындағы инфрақұрылымның, қаржылық және сауда қатынастарының бұзылуына әкеледі дейді ол.
Зерттеуші адамзат бұл қақтығыстан адамзат аман қалуы мүмкін деген үміт бар екенін де атап өтті.