Батыс Қазақстанда бұралқы иттер бір ауылдың 60 қойын қырып кетті

276
Батыс Қазақстан облысында бұралқы иттер бір ауладан 60 қойды қырып кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің айтуынша, оқиға аудан орталығы Жымпиты ауылында болған.

Оның сөзіне қарағанда, кеше түнде бұралқы иттер ауыл тұрғыны Батырбек Жұбанғалиевтің қорасына кіріп, 25 қойы мен 23 қозысын өлтірген. Оған қоса, бүгін түнде иттердің тағы 10 бас қойды қырып кеткені анықталды.

"Бүгін қойға шапқан екі қаңғыбас иттің көзі жойылды. Сонымен қатар, тұрғынға қораны ит кірмейтіндей бекіту қажеттігі айтылды. Иттен өлген малға өтемақы қарастырылмаған. Аталған тұрғынға басқалай көмек көрсету жағы қарастырылуда. Жалпы, ауылдарда бұралқы иттердің көбейіп, малға шауып жатқаны рас. Оларды залалсыздандыру бағытында тиісті шаралар жасалады", - деді Т.Төреғалиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ит қабу жағдайлары көбейіп кеткенін жазған болатынбыз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.