«Айлық аз, халық кредитке белшесінен батқан» - блогер шетелде ұсталған екі жігітті елге қайтаруды сұрады

145

TikTok желісінде блогер Мадияр Телғозин Оңтүстік Кореяда ұсталған қазақ жігіттерін елге қайтаруды талап етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Мадияр Телғозиннің айтуынша жастар елден еріккеннен кетпейді. Оған себеп - елде жұмыссыздықтың жайылуы дейді блогер.


«Кореядағы екі қандас бауырымыз елге қайтарылмай, сол жақта сотталады дейді. Мұның бәріне Үкімет кінәлі, осыларға жұмыс тауып бере жатқан. Айлық аз, кредитке белшесінен батқан. Ол бауырларымызды мен түсінемін, қашып кетті... Бірақ елге келіп, сотталсын. Қарыз алып кетіп, олар не істерін білмей, сондайға барып тұр. Еріккеннен барып жатқан, бір-бірімен жарысып, тойхана салып жатқан бизнесмендер ағалар, жұмыс орындарын ашу керек қой? Бензинді қымбаттатпастан бұрын, солардың әлеуметтік жағдайымен теңестіріп алсаңыздаршы, олар алып жатқан айлықтың біз жартысын да алмаймыз. Халықпен санасу керек, ана қандас бауырларымыздың әке-шешесі қан жылап отыр ғой? Соған кім жауап береді»?, - деп жанайқайын жеткізді блогер.


Желі қолданушылары блогердің бұл ойын қолдаған. Олар:


«Дәл айттыңыз, жастар беталды барып жатқан жоқ ол жаққа, жұмыс іздеп бас сауғалап жатыр», «Обал екен екі жігітке Алла жар болсын», «Дұрыс айтасыз, жаңа тойханалар ашқанша, жұмыс орындарын ашпай ма кәсіпкерлер»,  - деп жазды олар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.