Астанада есірткі сақтаған азамат ұсталды

1 518

Фото: ©depositphotos.com Астанада жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында есірткіні заңсыз сақтап, таратумен айналысты деген күдікке ілінген ер адам қолға түсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі 24KZ сайтына сілтеме жасап.

 Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдіктінің автокөлігін тінту кезінде өзіне тән иісі бар сұрғылт-жасыл түсті зат салынған пакет, екі литрлік бөтелке және дәл осындай зат толтырылған екі бес литрлік ыдыс анықталған. Сонымен қатар тәртіп сақшылары электронды таразыны тәркілеген.

 Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

 «Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттардың гашиш екені анықталды. Заңсыз айналымнан алынған есірткінің жалпы салмағы жеті келіден асқан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды» – делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.