Мұғалім оқушыларды ұрып-соққан

1 601

Фото: видеодан скриншотТүркістанда мұғалім балаларға қол көтерді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Press.kz-ке сілтеме жасап.


Сарыағаш қаласындағы дінтану сабағына мұғалімінің үстінен арыз келіп түскен.


Сарыағаш қаласының тұрғыны өз пәтерінде жеке сабақтар өткізіп келген. Діни сипатта білім берген ер адам ҚМДБ мен білім басқармасынан ешқандай рұқсат алмаған.


Ер адамның меншігінде 19 бала тәрбиеленген. Алайда "діни" ұстаз балаларға қол көтеріп, білім берген көрінеді.


39 жастағы ер адам жұмысы үшін айына 20 мың теңгеден алған. Ал 19 бала антисанитарлық жағдайда өмір сүрген.


Зардап шеккен балалардың бірі меңгермеген тақырыбы үшін бірнеше апта бойы үздіксіз соққыға жығылғанын айтып шағымданған. Баланың денесінде қатты соққының белгілері байқалған.

Қазір сараптама тағайындалды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.