Хакерлер Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтын бұзған

22

Фото: pixabay.comМемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтын хакерлер бұзды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


 Қазақстандықтар үшін сайттың бірнеше қызметтері  уақытша қолжетімсіз болған. Бұл туралы 31 телеарна жаңалықтар бағдарламасында атап өтті. Сайттың бұзылғандығына жауапкершілікті өзін "цифрлық түрік мұсылман армиясы" деп атайтын хакерлер тобы өз мойнына алған. Олар Шри-Ланка мен Бразилияның мемлекеттік сайттарына шабуыл жасады. Олардың әрекеттері хакерлік ортада өздеріне назар аударуға және көлеңкелі қауымдастықтарда беделге ие болуға бағытталған.

 Мемлекеттік веб-ресурстардың жұмысын қамтамасыз етуге жауапты мамандар үшін мұндай шабуылдар үлкен сынаққа айналады.

 "Осы сайттар қызмет көрсететін қорғаушылардың, мемлекеттік органдардың өз командаларының сараптамасын ұдайы арттыру, екінші мәселе – қорғау сервистерінің бір бөлігін осы қызметтердің аутсорсинг сервистік моделіне нарыққа, бизнеске ауыстыру мүмкіндігін қарастыру", - деп түсіндірді киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Евгений Питолин.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.