Қазақ қызы өзінен 46 жас үлкен италияндық азаматтың жары атанды
267
28 жасар қазақ қызы 74 жастағы италиялық күйеуімен қалай танысқанын айтып берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында айтып берді."Біз Еуропадағы аралда таныстық. Мен Ибицаға демалуға барған едім.Бірге қыдырдық, таңға дейін көңіл көтердік.Барлығы біздің қарым-қатынасымызға қарсы болды. Бәрі мені оның ақшасы үшін жүргенімді айтты. Бірақ ол Қазақстанға келіп, менің қызымды әкесіндей қабылдап, Италияға алып кетті. Біз үйлендік, мен оған бір қыз сыйладым. Біз ештеңеге қарамастан бақытытмыз", - деді Марал Құрыш.
Естеріңізге салсақ, Марал тілші қызметін атқарып, телеарналарда жүргізуші болған. Қазақ қызы италиялық азаматқа 5 ай таныстықтан кейін тұрмысқа шыққан. Марал Дэвидпен бірге тату тәтті тұрып жатқанын айтып сендірді.