Балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді ұрған

1 583

Фото: видеодан скриншотАтырауда анасы балабақша тәрбиешісі баласын ұрғанын айтып шағымданған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қыз баланы балабақшаға үш күн бұрын берген. Үшінші күні анасы қызының аузы ісіп, беті көгергенін байқаған.


"Келесі күні камерадан тәрбиешінің менің баламды ұрғанын көрдім, дегенмен басшылық мұны мойындамай, қызметкердің байланыс нөмірін беруден бас тартты. Ол WhatsApp-ты оқыды, бірақ жауап берген жоқ", — деді жапа шеккен баланың анасы.


Оның сөзінше, енді қызы күндіз-түні жылап, құсып жатқан көрінеді.


Полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.