Әкімнің қатал талабының арқасында жер сілкінген уақытта бірде-бір ғимарат құламаған

289
Түркияның Хатай провинциясындағы Эрзин қаласында жер сілкінісі кезінде бірде-бір ғимарат құламаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Басылымдардың хабарлауынша, Түркиядағы жер сілкінісінен Хатай провинциясы басқаларға қарағанда көбірек зардап шекті. Дегенмен барлық ғимараттары аман қалған бір қала бар. Ол – Эрзин. Қала әкімі Өккеш Елмасоглының ауылдардан да адам шығыны болмағанын алға тартты. Елмасоглу жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбатында өз лауазымында талапқа сай емес, заңсыз құрылысқа қатаң тыйым салғанын айтады.

Ресейлік саясаттанушы Сергей Марков өзінің Telegram-арнасында бір кездері құрылысшылар жек көрген қала әкімінің ерлігі туралы жариялады.

Хатай провинциясында көп үйлер қирады. Бірақ ғимараттары қирамаған жалғыз қала – Эрзин. Себебі өте қарапайым, Эзин қаласының әкімі заңсыз ғимараттар салуға қатаң түрде рұқсат бермеген. Осылайша кезінде құрылысшылардың жауындай болған әкім қазір мұнда нағыз қаһарманға айналды. Ал қирандылар мен құрбандардың негізгі себебі – нормалар мен заңдарды бұзған жаппай сыбайлас жемқорлық екені белгілі, – деді ол.


Өккеш Елмасоглу 2019 жылы 31 наурызда өткен жергілікті сайлауда Республикалық халықтық партиядан қала әкімі болып сайланған. Елмасоглының өзі Эрзин қаласында туып-өскен. Жоғары оқу орнын бітіріп, әскери борышын өтеген соң туған жеріне оралып, әкімдікке дейін көтерілген.  

2019 жылғы жалпы санақ бойынша Эрзин қаласының халқы 35 137, ауылдармен бірге 41 700. Мәліметтерге сәйкес, осы сандар ішінде зілзаладан адам шығыны болмаған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.