«Сыны мен сыры бөлек Сыр аналары» атты облыстық форум өтті
Қармақшы ауданы, Дүр Оңғар ауылында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясындағы «Сыны мен сыры бөлек Сыр аналары» атты Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің Қызылорда облысы бойынша төрайымы Ахметова Рахима Қаржаубайқызының басшылық етуімен ерекше облыстық форум өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Облыстан келген қонақтарды күтіп алып, форумды Қармақшы аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Даурен Ержанов мырза ашып, облыстық мəслихат депутаты, аналар кеңесі төрайымының орынбасары Dilfura Bayraktar мəнерлеп жүргізіп, спикерлерді хабарлап отырды.
Форумға ауданымыздың Аналар кеңесінің төрайымы Raeva Gulzhaukhar апайымыз бастаған кеңес мүшелері мен аудан, ауыл аналар кеңесінің төрайымдары, медицина, білім саласының белсенді аналары қатысты.
Мәні мен мағынасы келіскен, қоғамдағы аналар мәртебесі мен рөлін, ұлттық қазақи тәрбиені, қазақтың бойына біткен асыл қасиеттерді жас ұрпақтың бойына дарытуды насихаттайтын үлкен дәрежелі бұл жиыннан алған əсеріміз, сезіміміз ерекше. Əрбір ана бүгінгі форумнан өзіне қажеттісін ұғынып, керегін алды деп ойлаймын.
Өңірлік ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері Айгүл Мұсабаева және Гүлнар Жұмашева уақыт талабына сай өмір сүреміз деп, ұлттық сана сезімге сіңіп, тегімізден келе жатқан адами қасиеттерді жойып алмау маңыздылығына тоқталды.
Мәдениет сарайының фойесінде ұйымдастырылған елдегі өнерлі аналар қолынан шыққан бұйымдар, қалдық заттардан əдемі гүл шоқтарын жасап, дəмді тоқаштар көздің жауын алып,еріксіз мойын бұрғызды.
Форумда спикерлер бас дəрігердің ана мен бала жөніндегі орынбасары Парида Сарыбаева, аудандық аурухана, Қармақшы жастар денсаулығы орталығының психологы Әмина Кетебаева, өзекті тақырыптар шеңберінде баяндамаларын жасап, залдағы қатысушылармен пікірталастар өрбіді.
Қатысушылар көкейде жүрген сұрақтарымен, ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.
Қармақшы Ауданында елелі істерімен көзге түсіп жүрген аналарға түрлі номинациялар бойынша марапаттар жасалды.
Форумды Дүр Оңғар ауылындағы мектеп өнерпаздары қазақтың қасиетті домбырасымен поппури əн айтып, сахнаны қазақша биімен көркемдеді.
Рахима Қаржаубайқызы аудан, ауыл əкімдеріне, орынбасарларына, мəдениет бөліміне, ішкі саясат бөліміне, осы іс-шараға өз үлестерін қосып, атсалысқан барша аналарға өз алғысын білдіріп,
алдағы уақыттағы жоспарлар мен жасалатын игілікті шаралармен қорытындылады.
Ал, ақ жаулықты, қазақи нақышта киінген ардақты аналарымыз өркениетті қоғамдағы мәдениетті Аналар бейнесінің эталоны еді.