Екі қызылордалық азамат сора өсімдігін өсірген

384
Қызылорда облысы полиция  департаментінің  есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен  сора өсімдігін өсірген 58 және 41 жасар қала тұрғындары далалық аймақта қылмыс үстінде ұсталды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Сырдария ауданы, Бесарық  ауылы, Потхоз елді мекенінен Жаңадария өзені жағасы далалық аймағынан қалың шеңгел арасынан 357 түп сора өсімдігі анықталды. Оқиға орнынан заттай дәлелдеме  ретінде палатка,  газ баллон, плита, 20 литрлік құты, шелек,  бөшке, 35 метрлік шланга, көрпе төсектер, 1-дана аккумулятор, 25 метрлік ұзартқыш, ыдыс аяқтар алынды.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес алынған өсімдіктердің жалпы салмағы 20 кг 927 гр «сора өсімдігі» болып шықты. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.