Өрт салдарынан 12 адам қаза тапты, оның тоғызы балалар

1 525

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар КазангаповПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрт салдарынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Үкіметке және облыс әкіміне зардап шеккендердің туыстарына барлық қажетті көмек көрсетуді, сондай-ақ өрттің себептерін жан-жақты тергеп-тексеруді тапсырды.

Түркістан облысы ТЖД-ның мәліметінше, 18 қараша күні таңертең Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында жеке екі қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде үй толығымен отқа оранғаны анықталды.

Құтқару жұмыстары барысында үш адам ес-түссіз күйде сыртқа шығарылып, жедел жәрдем қызметіне тапсырылған. Сонымен қатар, ішінде 9 бала бар 12 адамның мүрдесі табылғаны хабарланды. Олар:

Шойбеков Дауренбек Талғатбекұлы (үй иесі) 15.10.1991 ж.т.

Амантурдиева Динара Қадырбекқызы (әйелі) 10.01.1994 ж.т.

Талғатбек Асия Дауренбекқызы 17.12.2015 ж.т.

Талғатбек Дана Дауренбекқызы 22.07.2017 ж.т.

Талғатбек Алихан Дауренбекұлы 19.02.2021 ж.т.

Талғатбек Амирхан Дауренбекұлы 19.02.2021 ж.т.

Талғатбек Алуа Дауренбекқызы 18.03.2019 ж.т.

Умирзахова Маржан Альдьяровна 08.01.1990 ж.т.

Талғатбек Жансая Олжасұлы 16.01.2009 ж.т.

Талғатбек Ассабұр Олжасбекұлы 06.12.2010 ж.т.

Талғатбек Мұхит Олжасбекұлы 05.09.2012 ж.т.

Талғатбек Раяна Олжасбекқызы 20.03.2024 ж.т.

Көршілердің айтуынша, өрт кезінде үйде қонақтар болған. Оның алдында үй иелері отбасылық шара өткізгені белгілі болды. 360 шаршы метр аумақты қамтыған өрт толық сөндірілді. Оқиға орнында барлық оперативтік қызмет жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталып, өрттің шығу себебі анықталуда.

Қазіргі таңда өрттен аман қалған үш адам қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы олардың барлығының жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.

"Медициналық мекемелерге екі ересек пен бір бала жеткізілді. Үшеуі де жансақтау бөлімінде, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Науқастарға қарқынды терапияның толық көлемі көрсетіліп, салалық мамандардың бақылауында", – деп хабарлады басқарма өкілдері.