«Қазақтар қырылсын». Ұлтараздық тудырған TikTok қолданушысы 4 жылға сотталды

1 605

Қазақтарды қорлап, бір-бірін өлтіруге шақырған Астана тұрғыны Наталья Свиридова төрт жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты төмендегідей шешім шығарды.


"Свириденко (Меркулова) Наталья Валентиновна Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігінде (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын", - делінген ақпаратта.


Оқиға 7 тамызда болған. Наталья Свиридова TikTok парақшасында ұлт-араздық алауыздықты қоздыратын мәлімдеме жасап, азаматтардың ұлттық ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтірген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.