Жазда қысқы шинамен жүретіндерді қандай жаза күтіп тұр

1 522

Фото:©жасанды интелектҚазақстанда 1-ші маусымнан бастап көлікті қысқы шиналармен басқаруға қатысты талаптар күшіне енді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі El.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаз мезгілінде қысқы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін.
Қандай айыппұл қарастырылған? Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 1-ші маусым мен 31-ші тамыз аралығында қысқы шиналарды пайдалануға жол берілмейді. Егер жүргізуші көлігінің дөңгелегін маусымға сай ауыстырмаса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 5-бөлігіне сәйкес, мұндай құқықбұзушылық үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл көзделген. 2026 жылғы есеп бойынша бұл – 21 625 теңге. Егер жүргізуші осы ережені бір жыл ішінде қайта бұзса, айыппұл мөлшері 20 АЕК-ке дейін өседі. Бұл – 86 500 теңге. Жаз мезгілінде тікенекті шиналарды қолдануға да тыйым салынған. Мамандардың айтуынша, мұндай дөңгелектер жол жабынын тез тоздырып, ыстық ауа райында асфальтқа түсетін жүктемені арттырады.

Неліктен қысқы шиналар жазда қауіпті? Көптеген жүргізуші қысқы шинаны жаз бойы пайдалана береді. Алайда мамандар мұның қауіпсіздікке кері әсер ететінін айтқан. Қысқы шиналардың резеңке құрамы жұмсақ болғандықтан, ыстық асфальтта тез қызады және жолмен ілінісу қасиеті төмендейді. Соның салдарынан көліктің тежелу жолы ұзарып, жүргізушінің басқаруды жоғалту қаупі артады. Мұндай шиналар жылдам тозады, жанармай шығынын көбейтеді және көліктің басқарылуын нашарлатады. Осыған байланысты жүргізушілерге маусымдық талаптарды сақтап, жазғы кезең басталғанға дейін көліктерін тиісті шиналармен жабдықтау ұсынылған.