Зергерлік зеріктірмейтін іс
Қызылордалық Бекзат Жақып – қолөнер, ұсталық пен зергерлікті атадан балаға мирас етіп келе жатқан кәсіпкер, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Әулетімізде бұл өнер төртінші ұрпақ ретінде маған жалғасқан. Өтеу, Жақып, Нақып деген аталарымыз қолөнерлікті кәсіп еткен. Әкемнің есімі – Әліп. Ұсталықты да, зергерлікті де бала кезімде әкемнен үйренгем.
Кеңес үкіметі кезінде ұлттық дүниелердің бәрі жатық боп кетті. Зергерлер сол кезеңде халық жауына айналды. Бабаларымның тығылып, ешкімге көрсетпей жүрген өнері маған қанмен дарыған екен» дейді зергер.
Айта кетейік, ассортиментте белдік, зергерлік бұйымдар, саз балшықтан жасалған дүниелер бар. Ұлттық бұйымдарды жасауға арналған күмісті жан жақтан, соның ішінде банктерден немесе Астана қаласынан арнайы ресми дүкенінен сатып алады екен. Ұстаның ұсталық пен зергерлік жұмыстарының басы қасында болатын қолғанаты, көмекшісі – ұлы. Өзінің айтуынша, әкесінің жанында жүріп қолөнерге қолы біраз жаттығып қалғанымен, студент болғандықтан шеберханада отыруға қолы бос бола бермейді.
"Тұрақты тұтынушыларым көбеюде. Бұрынғымен салыстырғанда қазір тапсырыс берушілер мен қызығушылар саны артқан. Тіпті қазақстандықтар ғана емес, басқа жақтан да тапсырыс беріп жатады. Мәселен, қамшыны көбіне әйел адамдар сатып алады және тапсырыс береді. Жалпы оны үйіне іліп қою үшін алып, киелі зат ретінде қарайды. Қамшының бөліктерінің бәрі табиғи өнімдерден жасалады. Үшқоңыр ауылының тобылғысы мен бұқаның қайысынан құрастырамын. Ал зергерлік бұйымдарға қажет күмісті жан жақтан алдырамын. Сазсырнайдың сазы – өзіміздікі. Керамика, яғни, қыш материалымен бұйым жасайтындар топырағын Өзбекстаннан, Алматыдан алдыратын. Мен Сыр елінің балшығын пайдаланудамын. Сазсырнайды, үскірікті көбіне кішкентай балаларына ойыншық ретінде тапсырыс береді. Мысалы, үскірікпен ойнауға, әуен шығаруға жоғары музыкалық қабілеттің қажеті жоқ. Телефонға үңіліп, дүкеннің пластмасса ойыншықтарына таңданбайтын балаларға ойын ретінде де, зейіні мен музыкалық қабілетін дамыту үшін де үскірік таптырмас құрал болмақ. Әсіресе, соңғы кезде үскірікке тапсырыс беретіндер қатары артуда. Балам дамысын деген жас атааналар жақсы таңдау деп ойлаймын", – дейді ұста.
Қолөнерші кәсіпкердің ұсталық пен зергерлікпен айналысып жүргеніме биыл отыз үш жыл толыпты. Жан-жақтағы қолөнер саласының жаңалықтарына құлақ түріп, түрлі қалаға, әр қилы көрмелерге барып, халықаралық. республикалық көрмеден ұлттық бұйымдары орын алатын ол жыл өткен сайын тұтынушының талғамы нені талап ететінін, қандай зат сұраныста екенін біліп жүретінін айтады. Тіпті қолөнер бұйымдарын жасауға тың идея, жаңа өзгерістер де осындай қолөнершілердің басы қосылатын көрмелерден кейін туындайды екен.
«Адамда арман азайған ба? Жасымыз келген сайын ата-бабамнан мұра боп қалған қолөнерді өзім де ұрпағыма, жастарға дарытып, шәкірт тәрбиелегім келеді. Қолөнер, осы ұлы өнер үзілмесе екен деймін. Әкеден балаға қалатын байлық пен мұра – ақша емес, өнер мен тәрбие болуы керек» дейді ол.
Зергерлік бұйымдар (негізінен сәндік безендіру заттары)— асыл металдарды (алтын, күміс, платина және палладийді) әшекейлеп өңдеудің, сондай-ақ түсті металдарды (жез, мельхиор т. б.) қорытудың, олардың бетіне, алтын, күміс жалатудың; көп жағдайда қымбат тастармен, эмальмен т. б. безендірудің нәтижесінде алынатын бұйымдар.
Әдетте таза, асыл металдардан зергерлік бұйымдар жасалмайды. Оларға қажетті механикалық қасиеттер дарытып, тиісті түс алу үшін түсті металдар қосады, мәселен алтынның күміс және мыспен қорытпасын, кемде палладиймен, кадмиймен, никельмен, мырышпен қорытпасын; күміс пен платинаның мыспен қорытпасын, палладийдің күміспен және никельмен қорытпасын үстемелейді. Қорытпадағы асыл металдың құрамы оның сынамасын айқындайды. Көптеген елдерде сынаманы белгілеудің метрлік жүйесі қабылданған (КСРО-да ол 1927 жылдан бері енгізілген), ол бойынша сынама қорытпаның мың салмақтық бірлігіндегі асыл металдың бөлшек санымен белгіленеді.
1927 жылға дейін Ресейде сынаманы белгілеудің мысқалдық жүйе деп аталатын (96 мысқалдай тұратын орыс фунты негізінде) жүйесі болды. Мұнда сынама қорытпаның 96 бірлігіндегі асыл металдың салмақ өлшемімен белгіленетін.
АҚШ-та, Ұлыбритания мен Швейцарияда караттық жүйе қабылданған. Бұл бойынша асыл тастың 1000-сынамасы 24 шартты бірлікке сәйкес келеді.
Зергерлік және басқа бұйымдар дайындауға рұқсат етілетін асыл металдар қорытпасының сынамасы заңды түрде белгіленіп, мемлекет кепілдігінде болады. Бұл үшін бұйымдар сынамалық бақылаудан өтіп, оларға сынама таңбасы қойылады. Бұйымдарта таңба салу үшін түрлі елдерде суреті мен пішіні әр түрлі бақылау белгілері қолданылады; КСРО-да ол эмблемадан (бесжұлдыз аясындағы орақ пен балға) және метрлік жүйенің үш белгілі санынан тұрады.
Алтынның 583-сынамалы қорытпасы неғұрлым кең тараған; бұл сынаманың қорытпасының түсі құрамына енген түсті металдардың сандық қарым-қатынасына қарай әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, егер 583-сынаманың қорытпасында алтын 58,3%, күміс шамамен 36%, ал мыс 5,7% болса, қорытпаның түсі жасыл реңк алады; күміс 18,3%, мыс 23,4% болса күлгін-қызғылт; күміс 8,3%, мыс 33,4% болса қызылдау болады.
Гауһар тасты әсемдік бұйымдарды дайындау үшін ақ алтын деп аталатын қорытпа кеңінен пайдаланылады, оның құрамы мынандай; 583 сынамалы алтын қорытпасында күміс 23,7—28,7%, палладий— 13,0—18,0% немесе никель 17,0% мырыш 8,7%, 16,0%; ал 750- сынамалы алтын қорытпасында — күміс 7,0—15,0%, палладий 14,0%-ке дейін, никель 4,0% мырыш 2,4% немесе никель 7,5—16,5%, мырыш 2,0—5,0%, мыс 15,0%-ке дейін болады.
958-сынамалы алтын қорытпасы берік болмайды. Сондықтан кең қолданылмайды. 375 сынамалы алтын қорытпасының құрамында алтын 37,5%, күміс 10,0%, мыс 48,7%, палладий 3,8.% болады.
Күмістің 875-сынамалы қорытпасы неғұрлым кең тараған. Оны әшекей заттарын және ыдыс-аяқ жабдықтау үшін пайдаланылады. Күмістің 916-сынамалы қорытпасы эмаль жалатқан ыдыстарды дайындау үшін; 960 сынамалы қорытпасы — нәзік өрнекті ыдыстар жасауға қолданылады. Платина мен палладийдің қорытиасы зергерлік істе болар-болмас мөлшерде пайдаланылады. Күміс және жез бұйымдардың тым тез тотығып кетпеуі үшін және олардың әсемдік қасиеттерін жақсарту мақсатында бетіне электролиттік тәсілмен 999 сынамалы алтын немесе 999-сынамалы күміс жалатады.
Әсем нақышталып жасалған зергерлік бұйымға қондырылған бағалы, сондай-ақ табиғи жарқырауық тастар әдемі өң беріп, бағасын арттырады. Бұл тастар шартты түрде бағалы, жартылай бағалы және әшекейлік деп бөлінеді. Бағалы тастарға — алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит; жартылай бағалыға — ай тасы, аквамарин, аметист, берилл, гранат, көгілдір ақық, гиоцинт, тау хрусталі, жадеит, морион, опал, топаз, турмалин, хризоберилл, хризолит, хризопраз, шпинель, циркон, цитрин, хромдиопсид, қолдан өсірілген інжу; әшекейлік тастарға — авантюрин, агат, малахит, янтарь, маржан, лазурит, нефрит, родонит, сердолик, кровавик, яшма және басқа жарқырауық тастар жатады.
Зергерлік істе бойында табиғи асыл тастардың барлық қасиеті бар синтетикалық лағыл, сапфир, александрит тастары кеңінен қолданылады. Тиісті температура мен қысымда гауһар, аметист, алтын жалқынды топаз және басқа бағалы тастардан жасалатын иттрийлік — алюминийлік гранаттар да кең таралған.
Зергерлік әшекей ұйымдарында адам денесі терлегеннен пайда болатын қоңыр дақ қалмауы үшін әшекейлерді шешіп алысымен фланельмен құрғатыл сұрту керек. Түрлі шаруа істегенде және химикаттарды пайдаланарда жүзік, білезік және басқа зергерлік бұйымдарды шешіп қояды. Әсіресе алтын жалатқан бұйымдарды сақтықпен тұтыну керек. Әшекей заттарын сынап пен күкірт негізінде жасалған косметикалық бұйымдарды пайдаланғанда да (сынап алтынмен қосылса амальгома түзеді, бұдан бұйымдардың бетіне ақ дақ түседі, ал күкірт алтын мен күміске қосылса, қара түсті күкірттік қосылыстар түзеді) шешіп қойған жөн. Алтын және күміс бұйымдарға тиген йод та Қоңырқай дақтар қалдырады. Зергерлік бұйымдарды қорапшасында, құрғақ жерде сақтау керек. Әсіресе күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен белгілі бір дәрежеде болуының түрін жоғалтатын аметисті, түсті топ азды (алтын жалқындыдан басқасын), інжу мен ақықты ұқыптал сақтау қажет.
Егер тас қондырылып асыл металдан жасалған немесе тас қондырылмаған әшекейлік бұйымдардың жылтыр өңі тайса, оны жұмсақ тіс щеткасымен 72 стакан суға 1 шай қасық мүсәтір спиртін қосып сабынды суға жуу керек. Одан соң бұйымды таза жылы сумен шайып жіберіп, әбден құрғағанша фланельмен сүрту қажет. Алтын жалатқан бұйымдарды щеткамен неғұрлым сирегірек жуған жөн. Інжу, ақық, малахит пен янтарь ылғалға төзімсіз келеді. Осындай тасты және фольгаға қондырылған жасанды тасты бұйымдарды, сондай-ақ тастары желімдел жапсырылған әшекей заттарын қатты ластанғанда этил спирті қосылған сабынды суға (1:1) көп ұстамай шайып алу керек; янтарьды фланельмен ғана, ал қалған тастарды этиль спиртімен сүртіл тазартуға болады. Күмістен жасалған ірі бұйымдарды (мәселен ыдыс-аяқтар мен бөлменің ішкі әшекейлері) «Ювелирная» пастасымен тазартуға болады.
Тым қатты ластанған бұйымдарды зергерлік шеберханаларда таз арттыру керек.
Платина, алтын және күміс әшекейлер үшін әрлеудің көптеген тәсілдері бар. Ең көп тараған әрлеу тәсілдері - жылтыратылған, сәтен / күңгірт, күңгірт және нақышталған. Жылтыратылған беті бар зергерлік бұйымдар өте көп таралған және шығылыстыру қабілеті жоғары металға жылтыр көрініс береді. Атласты немесе күңгірт әрлеу зергерлік бұйымдардың жылтырлығы мен шағылысуын азайтады, бұл, әдетте, гауһар тас сияқты асыл тастарды ерекшелеу үшін қолданылады. Күңгірт әрлеу зергерлік бұйымдарға текстуралы көрініс береді және материалды (егеуқұм қағазға ұқсас) металға ысқылап, «қылқалам жақпаларын» қалдырады. Соғылған әрлеу, әдетте, зергерлік бұйымдарға толқын құрылымын беру үшін, соғылған әрлеу әдетте дөңгелектелген болат балғаның көмегімен және балғамен соғу арқылы жасалады. Өте қымбат әшекейлердің айрықша бір белгісі – оларда кемінде 18К (алтын үшін) болады. Кейбір зергерлік бұйымдарға жылтыр, шағылысатын көрініс беру немесе қалаған түске қол жеткізу үшін жабын жағылады. Стерлингтік күмістен жасалған зергерлік бұйымдар 0,999 сынамалы күмістің жұқа қабатымен жабылуы мүмкін (балқыту ретінде танымал процесс), сонымен қатар родий немесе алтынмен қапталуы мүмкін. Арзан металдардан жасалған зергерлік бұйымдар барынша тартымды әрлеу үшін күміспен, алтынмен немесе родиймен жабылуы мүмкін.