«Баламдай азамат ар-намысымды аяққа таптады»: Алматы облысында 32 жастағы ер адам мүгедектігі бар зейнеткерді бірнеше рет зорлаған
Алматы облысында 32 жастағы азамат өзінен 30 жас үлкен мүгедектігі бар зейнеткерді зорлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап.
63 жастағы зейнеткер қайғылы түнді қорқынышпен, жылап отырып еске алды. Жәбірленушінің айтуынша, оның екінші дәрежелі мүгедектігі бар. Өзі әрең әрең қозғалады.
Оқиға Қарасай ауданындағы саяжайдың бірінде болыпты. Түнде арам ойын іске асыруға тырысқан күдікті басында есікті қағып, бейтаныс адамның атын сұрайды. Алайда зейнеткер танымайтынын айтып, кері қайтарады. Бірақ ол райынан қайтпай, ішке кірудің амалын қарастырады. Сөйтіп терезені сындырып, ішке кіріп, арам пиғылын іске асырады.
Түрін көрсетпеуді өтінген жәбірленуші атын да жасырды. Болған жайды бүкпесіз баяндап берген зейнеткер әбден шошып қалған.
Бұдан соң ер адам зейнеткерді үйге кіргізеді. Сөйтіп шекесіндегі жарасын оратқан. Сол сәтте күдікті қалғып кетсе керек, жәбірленуші сыртқа қашып үлгеріпті. Дереу көршілерден көмек сұрап, оқиға орнына тәртіп сақшыларын шақыртқан.
Полиция дерегінше, күдікті әзірге Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр. Егер қылмысы дәлелденсе 5 жылдан 8 жылға дейін сотталуы мүмкін. Айта кетейік, Қарасай ауданында жыл басынан 5 зорлау фактісі тіркеліпті.