Қазақстанда тұрғын үйдің бағасы арзандап жатыр
369
"Бүгінгі таңда бірінші нарықтағы тұрғын үй бағасының өсу қарқынының төмендегені байқалып отыр. Қаңтарда 3 пайыз болса, шілдеде 0,4 пайызға дейін төмендеген. Ал екінші нарықтағы үй бағасына келсек, қаңтарда 5 пайыз болса, шілдеде 1,1 пайызға дейін төмендеген", - дейді Серік Жұманғарин. Оның айтуынша, шаршы метрдің бағасы еліміздің үш мегаполисі - Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте, сондай-ақ Атырауда арзандап жатыр. "Ескертулер бойынша орындалған жұмыстар аясында компаниялар тобы Алматы қаласында бірқатар тұрғын үй кешенінің бағасын түсірді. Мәселен, шаршы метр үшін 15 пайызға немесе 90 мың теңгеге дейін, ал басқа компания Алматы қаласында шаршы метр үшін бағаны 20 мың теңгеге дейін төмендетті. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының 51 тұрғын үй кешенінде бірінші нарықтағы пәтерлер орта есеппен 8 пайызға, Алматыда 11 пайызға, Шымкентте 3 пайызға, Атырауда 4 пайызға арзандады", - дейді ол.
Серік Жұманғариннің сөзінше, ескертуден кейін өзге де тұрғын үй салушылар бағаны орта есеппен 15-20 пайызға төмендеткен. Бағаның төмендеуі орта есеппен 9 пайызды құрайды. Нақтырақ айтсақ, төмендеу диапазоны шаршы метр үшін 10 000-нан 125 000 теңгеге дейінгі аралықты құрап отыр. Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін "Отбасы банкіне" аударуға мүмкіндік беру керектігін мәлімдеген еді.

Тағы да оқыңыздар
Шаруасы шалқыған Шаған
1 509