Жұмыс істемейтін балабақшада 3 мыңдай баланың тіркеліп тұрғаны анықталды

501
Үш мыңға жуық баланың жұмыс істемейтін балабақшаға тіркелгені анықталды. Бұл туралы Түркістан облысының білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы informburo-ға сілтеме жасап.

Білім басқармасының дерегінше, Түркістан облысында 1-6 жас аралығындағы 5 145 бала балабақша кезегінде тұр. Олардың ішінде 3-6 жас аралығындағы 2 245 бала бар. 


"2 965 бала құжаты жоқ, жұмыс істемейтін балабақшада тіркелген. Мониторинг қорытындысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне және Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды", – деді Дінислам Болатханұлы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.