«Жаңа Қазақстанның жаңа «технологиясы»: Сарыағашта жол төсеушілер құм үстіне асфальт құйған
222

«Жаңа Қазақстанның жаңа жолдары. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округіндегі жағдай. Бетон құймай асфальт төсеп жатыр. Мұны ешкім назарға алып жатқан жоқ. Арасында су шашып қояды. Ертең бұл көтеріліп кетпесіне кім кепіл?», – дейді видео авторы.
Желі қолданушылары мұндай жағдайға үйреншікті болып кеткенін жарыса жазуда. «Дәстүрлі әрі қалыптасқан жағдай. Бөлінген 100 пайыз қаражаттың 10 пайызы жолға бұйырса да қуана бер», «Сарыағаштың технологиясы ғой. Онда жолды ешқашан сапалы салмайды», «Жол жол емес, сор болды», «Есіл қаржы, құмға құйған су сияқты» дейді видеоға қатысты пікір білдірушілер.