Тірідей көмілген ер адам өз бетімен табытты сындырып шыққан
Боливияның 30 жастағы тұрғыны Виктор Альваресті тірідей жерлеп тастаған. Ер адам табытта жатқан жерінен оянып, өз бетімен қапастан шыға алды. Полиция “тіріліп кеткен марқұмның” оқиғасына сенбеген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Mirror ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Виктор Альварес 6 тамызда Эль-Альто қа ласында өткен "Жер Ана" атты фестиваліне барған екен. Ол жерде ер адам қатты масайып қалған. Оның бар есінде қалғаны тек билеп жүргені, содан кейін ол табытта оянған. Бір қызығы, ол фестиваль болған жерден 80 шақырым қашықтықта “жерленіпті”.
Ер адам қатты масайғаннан есімді жоғалтқан болуым керек деп топшылайды. Осылайша адамдар оны құрбандыққа әкелмек болған сыңайлы.
Сулла дегені Жер Анаға арнап шалынатын құрбандық екен. Оған көбіне тәттілер мен жапырақтарды шалатын көрінеді. Бірақ кейбір адамдардың сөзінше, әлі күнге дейін жасырын түрде адамды құрбандыққа шалу рәсімі де бар.
Альварес оқиға туралы полицияға хабарлаған, бірақ тәртіп сақшылары ол тым мас болғандықтан сөзіне сенбеген.