Абай облысында шегіртке қаптап кеткен
Абай облысының Ақсуат ауданындағы жайылым мен шабындық жерлерді шегіртке отап жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Massaget сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындар шегірткенің көптігінен "Қыстық мал азығын дайындай алмай қаламыз ба?" деп қауіптеніп отыр. Ал билік өкілдері алқаптарды дәрілеу жүргізіліп жатқанын айтты.
Қазір Шымкенттен келген мамандар ауыл шаруашылығы мақсатындағы екі мың гектар алқапты залалсыздандырып жатыр. Сондай-ақ үш елді мекенге қарасты жайылым жерлерді де дәрілеу жоспарланған.
Бүгінгі күні химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізетін компания Аягөз ауданының жерлерінде саяқ шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аягөз ауданының жерлерін болған соң кестеге сәйкес Қызылкесік ауылдық округінің Үштөбе ауылының елді мекен жайылымдық жерлеріне жасайтын болады.
Ал Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Ертай Қуанбаев өңдеу жұмыстары заңға сәйкес мемлекет қорындағы жерлерде атқарылады. Ал, шаруа қожалықтары иелігіндегі жерлерге өз қаражаты есебінен жүргізетіндігін айтты.