Босану бөлмесіне әйелімен бірге кірген ер адам шыққан соң ажырасып кеткен

3 109

Аустралияда ер адам әйелімен бірге босану бөлмесіне кіргеннен кейін ажырасып кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Fox News-ке сілтеме жасап. 


Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп: Елімізде мектеп қабырғасында босанатын қыздар саны жаға ұстатты


Әйел 2018 жылы босанған. Ер адам содан кейін ажырасып, аурухананы сотқа берген. Өйткені процедура кезінде әйелінің қаны мен дене мүшелерін көріп, психологиялық соққы алған.


Ол әйелдер ауруханасынан моральдық өтемақы ретінде бір миллиард аустралиялық доллар өндіруді талап етті.


Мельбурндегі Жоғарғы сот ер адамның талабын қабылдамады. Медициналық сараптама "психикалық соққының дәрежесі шекті деңгейге сәйкес келмейтінін" анықтады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.