12 жасар қызды зорлаған педофил өмір бойына сотталды

1 511

Фото: Pixabay.comЖетісу облысы прокуратурасы педофилдің өмір бойына бас бостандығынан айырылуына қол жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өткен жылдың тамызында K 12 жасар қыз жатқан үйге кіріп, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Сол күні ол ұсталып, қамауға алынды. Оның үстіненҚылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі “Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” деген айып тағылды.

Алайда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушының әрекетін жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмысқа оқталу деп қайта саралап, оны небәрі 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Прокуратура апелляциялық шағым түсіріп, бұл үкімді өзгертті. Нәтижесінде кінәлі өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.