Ақтауды су басты: жаңбырдың айлық нормасы бір түнде жауған

421
Маңғыстау облысының батыс аумағында жауынның айлық нормасы бір тәулікте жауды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақтау қаласында жауған жаңбыр да айлық жауын нормасымен тең келеді. Жаңбыр кешкі сағат 23:00 шамасында басталып, 06:00-ге дейін толассыз жауған.

28 шілде күні сағат 08:00-ден бастап 10:00-ге дейін тағы жауған.

Қала әкімдігінің мәліметінше, шаһар көшелерінен 19 398 текше метр су сорылды.

Ақтаудың 1, 17, 16, 5, 7, 14, 34, 31 «б» шағынаудандарда, Халық арена, «Инара» тұрғын үй кешені, «Астана» сауда үйі маңында коммуналдық қызметкерлер жаңбырдың салдарымен күресуде. Бұл жұмысқа 30 жұмысшы, 6 мотопомпа, 2 көлік жұмылдырылды.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің мамандары халыққа алысқа ұзап шықпауды, демалыс орындарына бармауды ескертеді. Сел жүру қаупі бар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.