Балалар ауруханасында сорпадан құрт шыққан

595

Ақтау қалалық балалар ауруханасын сорпада жүрген құрт түсірілген бейнежазбаны бәсекелестердің әдейі жасағаны деп атады. Емдеу мекемесіне азық-түлік жеткізуге жауапты компания басшылығы бұл әрекетті алдағы тендерге дейін кәсіпорынның беделін түсіру үшін жасалған әрекет екеніне сенімді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Компания бұл жазбаны балалар ауруханасында түсірілгенін растап, бірақ бұның шілде айында болған оқиға екенін алға тартады. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, ол уақытта тез арада ата-аналардан кешірім сұрап, бұл оқиғаны көпшілікке жария етпеуге келісімге келген. Аспазды жұмыстан шығарған.

Арнайы комиссия балалар ауруханасындағы тағамның сапасына тексеру жүргізді.
"Біз баланың анасынан кешірім сұрадық, ол өз кезегінде түсіністік танытып үйге алынған ұнның ішінен де құрттардың шығып қалатын кездері болатынын айтты. Ол жағдайды дұрыс таразылап, бізді кешірді. Бұл әлі де біздің бәсекелестердің ойлап тапқан айла-шарғысы шығар, менің ойымша бұл бұрын да болған, қазір де болып жатыр және бола береді де", - дейді фирма өкілі Алия Боқаева.