29 перзентханада санитарлық режим бұзылған

1 508

Фото: Opennews.kz ЖИДенсаулық сақтау министрлігі 82 босандыру ұйымын тексерді. Олардың қатарында 35 перинаталдық орталық пен 47 босандыру бөлімі бар. Соның ішінде 29 медициналық ұйымда дезинфекциялық-стерилизациялық режимнің бұзылғаны анықталды, - деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар инфекциялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын, оның ішінде стерилизациялау және дезинфекциялау жұмыстарын, желдету және сумен жабдықтау жүйелерінің жай-күйін, инфекцияларды уақтылы анықтауды және инфекциялық бақылау қызметтерін тексерген. Сондай-ақ зертханалық зерттеулер жүргізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша 81 санитариялық нұсқама беріліп, қауіптерді шұғыл жоюды талап ететін фактілер бойынша нақты шаралар қабылданды.

"Біздің міндетіміз – тек бұзушылықты тіркеп, нұсқама беру емес. Бір айдан кейін біз қайта келіп, нақты нәтижені көруіміз керек. Егер ескерту анықталса, ол жойылуы тиіс. Пациенттің қауіпсіздігі есептермен емес, медициналық көмек көрсетудің нақты жағдайларымен расталуы керек", – деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Вице-министр өңірлердегі денсаулық сақтау басқармасына босандыру ұйымдарының санитариялық-техникалық жағдайын белгіленген талаптарға сәйкестендіруді тапсырды. Сонымен қатар инфекциялық бақылау қызметтерін кадрмен қамтамасыз етуді, инфекциялардың алдын алу бағдарламасын өзектендіруді және медицина ұйымы басшыларының жеке жауапкершілігін арттыруды тапсырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.