Мектеп оқушысы тапаншамен оқ атқан
5 сынып оқушысы мектепке ойыншық тапанша әкеліп, оны құрбыларына көрсеткенде абайсызда оқ атқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпаратт агенттігі.
Оқ 6 сынып оқушысының көзіне тиген. Зардап шеккен бала ауруханаға түсіп, қыздың ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиға 1 қазан күні Павлодар облысындағы білім беру мекемелерінің бірінде болған. Облыстық білім басқармасының түсіндіруінше, оқушы қыз сөмкесінен тапанша алып шығып, оны сыныптастарына көрсеткенде, кездейсоқ өтіп бара жатқан басқа оқушыға оқ атқан. Павлодар облыстық балалар ауруханасының атап өтуінше, зардап шеккен балаға көз алмасының зақымдануы және конъюнктиваның сыдырылуы диагнозы қойылған.
Зардап шеккен баланың тұрғылықты жерінің алыс болғаны ескеріле отырып, оны Павлодардағы дәрігерлер бақылауында қалдыру ұйғарылды. Сонымен бірге бұл оқиға полицейлер назарынан тыс қалған жоқ.