Қызылордада аққуды ұстап өлтірген аудан тұрғыны анықталды

477
Қызылорда облысы, Сырдария ауданында аққуды өлтірген тұрғын анықталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



22.12.2022 жылы әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазба бойынша Қызылорда облысының Полиция департаментімен жедел түрде тексеру жұмыстары жүргізілді. Оқиға осы күнге дейін Полиция департаменті бойынша тіркелмеген.

 22.12.2022 жылы жарияланған бейнежазба Қызылорда облысы,  Сырдария ауданы Полиция бөлімімен «Ақпаратты есепке алу кітабына»  тіркелді.  Нәтижесінде бейнежазбадағы 26 жастағы облыс тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында, аталған оқиғаның 2013 жылы балық аулау кезінде күріштіктің каналының жағасында орын алып, бейнежазбаға түсірілгендігі анықталды.

Тексеру қорытындысына қарай оның іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, түпкілікті шешім шығарылады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.