Қала шетінен қорапқа салынған 20-ға жуық мысық табылды
Семей қаласы Абай тасжолында, әуежайдан Қарауыл кенті бағытына қарай шамамен үш шақырым жерде қорапқа салынған 20-ға жуық мысық табылған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Үй жануарының бір бөлігі жабық қораптардың ішінде, енді бір бөлігі тығыз қаптарға салынған күйде табылған. Мәліметке сәйкес, шамамен жеті мысықты аман алып қалуға мүмкіндік туған. Ал 12 шақты мысық өліп қалған. Қораптарды тапқан адамдар оларды ашып, тірі қалған жануарларды босатып жіберген.
Мысықтар “ОСА” қоғамдық бірлестігіне жеткізілген. Сондай-ақ үй жануарлары жатқан маңайдан “Анита” кафесі деп жазылған халат табылған.
Абай облысының полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.







