Қала шетінен қорапқа салынған 20-ға жуық мысық табылды

1 523

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Instagram oo_osa_semey_vkoСемей қаласы Абай тасжолында, әуежайдан Қарауыл кенті бағытына қарай шамамен үш шақырым жерде қорапқа салынған 20-ға жуық мысық табылған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Үй жануарының бір бөлігі жабық қораптардың ішінде, енді бір бөлігі тығыз қаптарға салынған күйде табылған. Мәліметке сәйкес, шамамен жеті мысықты аман алып қалуға мүмкіндік туған. Ал 12 шақты мысық өліп қалған. Қораптарды тапқан адамдар оларды ашып, тірі қалған жануарларды босатып жіберген.

Мысықтар “ОСА” қоғамдық бірлестігіне жеткізілген. Сондай-ақ үй жануарлары жатқан маңайдан “Анита” кафесі деп жазылған халат табылған.

Абай облысының полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді. 

“Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел түрде барды. Қазір тексеру жүргізіліп, болған жайттың мән-жайы мен іске қатысы болуы мүмкін тұлғалар анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі”, – делінген хабарламада.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.