Кәсіпкерлікке бағытталған жобалар жемісін беруде

1 503

Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАймақ экономикасын дамытудың ұтымды жолы кәсіпкерліктің ілгерілеуін ұдайы назарда ұстап, саланың серпін алуына барлық жағдай жасау, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл тұста мемлекет кәсіп ашамын деген жандарға түрлі бағдарламалар арқылы барынша қолдау көрсетуде.


Мәселен Сыр өңірінде жеке кәсібін ашып, ерекше өнімдерді шығарып жүрген азаматтар қатары айтарлықтай артып келеді. Әсіресе, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы кәсіп бастауға ниеті бар талай жанға мүмкіндік сыйлап, салаға даңғыл жол ашты. Олардың қатарында Қызылорда қаласының тұрғыны Нұрбол Маделханов та бар. Ол аталған жоба шеңберінде 2022 жылы 5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, гофрленген тақта өндірісін қолға алған. Бүгінде кәсіпкер өндіріс орнында 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, тақтаның екі түрін жасап шығаруда. Жергілікті өнімге тұрғындар тарапынан сұраныс та жақсы екендігін жасырмады. Кәсіпкер жұмысын жүйелеп алған соң тағы да жаңа құрылғылар сатып алып, жұмысшылар санын арттыруды жоспарлауда.


Бір айта кетерлігі, бүгінде жобасын жүзеге асырамын деген жандарға мемлекет пайыздық үстемақысы төмен несие ұсыну арқылы қаржы мәселесін шешуге де жағдай жасап қойған. Үлкен қолдаудың шарапатын көргендер өз ісің жүргізуде.