Қарттар үйінің терезесінен егде жастағы ер адам құлап кетті

1 273

Алматыдағы “Забота” қарттар үйінің қызмет алушысы терезеден құлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Забота" қарттар үйінің терезесінен зейнеткер түнде құлап түскен. Мекеме қызметкерлері оны дәрігерлерге көрсетудің орнына, төсекке апарып жатқызып қойған. Ал қарт науқастың денесінде үш жерден сынық бар екені анықталды. 


Қарттар үйінде болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп, кейін ол кадрлар әлеуметтік желіге тарап кеткен. Биіктен құлап кеткен зейнеткердің бірнеше жері көгеріп, сынғаны белгілі болды. Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға қатысты тергеу басталған.

"Істің мән-жайларын зерттеуге арналған өндіріс материалдары Алматы қаласының медициналық қызметтер сапасын бақылау департаментіне берілді", – делінген ПД баспасөз қызметінің жауабында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.