Қазақстанда жаңа білім беру талабы енгізілді

1 511

Фото:© Depositphotos.com Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік жоғары оқу орындарын "Қазақстан тарихы" мен "Қазақ тілін" пәндерін оқытуға міндеттейтін талап "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасына енгізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz cайтына сілтеме жасап.

"Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бастамасымен аса маңызды норма қабылданды. Енді шетелдік ЖОО "Қазақстан тарихы" мен "Қазақ тілі" пәндерін оқытуға міндеттеледі. Бұл талап заң дейгейіне көтерілді",- деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

"Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары "Қазақстан тарихы" және "Қазақ тілі" пәндерін міндетті түрде оқыта отырып, тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен емес білім беру сапасын қамтамассыз етеді". Қазақстан аумағында ашылған шетелдік ЖОО-ң филиалдары мен шетелдік ЖОО-на осы маңызды міндетті енгізген заң жобасы жуырда екінші оқылымға шығады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.