«ТІЛ – БІРЛІКТІҢ ТІРЕГІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

1 207

Жалағаш ауданыРуханият орталығында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай «Тіл – бірліктің тірегі» атты салтанатты шара өтті. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Сіздерді Қазақстан халқы тілдерінің мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тіл халық қазынасы, ұлт шежіресі. Ел Тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі. Тіл халықтың сан ғасырлық тарихы. 

Мәңгілік еліміздің тілі мәңгі жасауы үшін, ана тілімізді қастерлеп, мерейін өсіріп, мәртебесін сақтау баршамыздың басты міндетіміз.

Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас. Біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз. Біздің барлығымызда бір тағдыр, бір мақсат, бір ғана мүдде бар. Ол – Қазақстанның өркендеп дамып, алдағы уақытта дамыған өркениетті елдер қатарынан орын алуы» деген аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов аудандағы бірқатар сала өкілдері мен ардагерлерге республикалық «Халықаралық Қазақ тілі қоғамының», Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының және аудан әкімі орынбасарының алғысын табыстады.

Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты шара аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.