Қызылордада есірткі таратумен айналысқан 20 жастағы жігіт ұсталды

155
Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде есірткі таратумен айналысқан тұрғын құрықталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қала көшелерінің бірінде Kia автокөлігі тоқтатылып, көлікті тінту кезінде таратуға дайындалған 165 түйіншекке оралған есірткі заты анықталып, тәркіленді. Оқиға орнында 20 жастағы облыс тұрғыны құрықталды. 


Анықталғандай, күдікті облыс орталығында тұрғын үйді жалға алған. Рұқсат етілген тінту кезінде жалға алынған тұрғын үйден жазулары бар пакет ішінен ақ түсті ұнтақтар, электронды таразы, фольга, изолента тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, айғақты зат ретінде тәркіленген синтетикалық есірткі заттар: жалпы салмағы 233,28 грамм мефедрон және PVP – 249,7 грамды құрады. 


Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3,5-тармағымен (Аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу,электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы ) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.