ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНЕ ЖЕТПЕГЕН ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ҚАНДАЙ?

4 191

Қызылордалық тұрғындар ауызсудың сапасы мен жетіспеушілігіне наразы, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 


Ауыз су деп – иісі, дәмі, мөлдірлігі және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи суды айтады. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Жалпы ауыз судың иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы, лайлығы 2 мг/л –ден аз, кермектілігі 7-100 ммоль болуы шарт. Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магний тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кететінін ескертеді мамандар.


Қызылорда қаласы орталығында ауыз судың бір мөлтек аудандарда түсі өңіп берілсе, енді бір аймақ тіпті бір тамшы суға зар болып отырғандығын желіде жиі көтереді. Мәселен Шанхай мөлтек ауданы тұрғындары 1 апта бойы ауыз судың берілмей жатқандығын айтуда:


"Әл-Фарабиде тұрамын су дұрыс берілмей жатыр. Оның үстіне түскі уақыт мүлдем ақпай қалады. Көктем-жаз мезгілі күніміз су жинаумен өтеді. Балаларымыз жуынады, кір жуамыз, күнделікті тұрмыста пайдаланатын суға зар болып қалдық.Біздің жақта тіпті тамшылап та ақпай қалатын кездер болады",- дейді қала тұрғыны Гүлімжан.  



"Коммунизмде де осы мәселе. Шіліңгір ыстық келмеді әлі. Су жоқ. Ақпайды. Балаларымызды мектепке дайындау қажет. Неше жыл болды осы мәселені ат үсті қарағандықтан шешімін таппай келеді", - дейді ашынған тұрғын Айжан.


Ал, сол жағалаудың тұрғындары тұтынуға берілген судың сарғайып кеткендігін айтуда. №15 үйдің тұрғындары әр демалыс сайын түсі өңіп кеткен су берілетіндігін айтуда.  



"№15 үйде тіпті сұр су ағып жатыр. Лай аралас. Неге су тоқтатылады деп ескертілмейді? Сары суды ішуге қорқамыз", - дейді сол жағалау тұрғыны Эльмира.  


Сонымен қатар, Тоғанас батыр тұйығында 8 – сәуірден бастап ауыз судың жоқтығы жөнінде тұрғындар тарапынан «Қызылорда Су жүйесі» мекемесіне арыз берілген. Тұрғындардың айтуынша, басшылықтың атына берілген арыз қараусыз қалғанына наразы. 


«Тоғанас батыр көшесінде 1 айға жуық уақыт болды. Су тарту үшін салған моторымыз күйіп кетті. Тұрмыс тіршілікке қажет екенін басшылық ескермегені ма? Сәуір айының 8-не жазылған арызға әлі күнге дейін қарамағаны қалай?»,-дейді Құралай.


Тұрғындардың айтуынша ауыз судың түсі жиі өзгеріске ұшырап тұрады екен. Сары суды тұрмыста «амал жоқтан» пайдаланып отырғандар да бар. Арай-2, 3 мөлтек аудандарында аталмыш жағдай жиі қайталанатыны белгілі болды.  Судың кенеттен тоқтауы құбырдан берілетін судың өзгеруіне ықпал етеді дейді тұрғындар. Сонымен қатар, «Қызылорда Су жүйесінің» арнайы мамандарына байланысу мүмкін емес екендігін атап өтті. Ең сорақысы әлеуметтік желіге жазылып, көтерілеген мәселені ат үсті қарағаны соншалықты бәрін жоққа шығарып отырғандығына наразы. Жазылған шағым аяқ асты қалғаны ма? Мамандардың зерделеу жұмыстары жүргізілуде деген «жаттанды» сөзін жел ескені ме? 

Алайда тиісті сала мамандары жаттанды жауаппен жылы жауып қоюды жөн санаса керек.

 "Зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Мекен-жай бойынша қосымша хабарланады." делінген


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті өз жолдауында: «Келесі өзекті мәселе - халықты сумен қамтамасыз ету. Таза ауыз су әрбір үйде, әрбір отбасында болуы міндет», - деп өңір басшыларына қатаң тапсырма берген болатын. Алайда Президент тапсырмасы Қызылорда қаласы әкіміне жетпеген секілді. Ашынған тұрғындар солай деп топшылайды.