Тойда себепсіз оқ атқан қызылордалыққа қатысты тергеу басталды

287

Қызылордада той үстінде себепсізден аспанға оқ атқан 21 жастағы жігіт ұсталды деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Фото: скриншот из видео
Оқиға 27 тамызда Қызылорда қаласының аумағында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әлдекімнің қарумен ауаға бірнеше мәрте оқ атқаны жарияланған болатын.



«Тексеру барысында оқиға қаланың шет аумағында той өту кезінде болғаны анықталды. Атыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған дерек бойынша 21 жастағы азаматтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі және 293-бабында қаралған қылмыстық құқықбұзушылықтардың белгісі болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаменті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.