"Құны 625 мың теңге": Гүл шоғының орнына бренд сөмке лақтырған қалыңдық көпшілікті таңғалдырды
Тұрмысқа шығып жатқан бойжеткен қалыңдық гүлін лақтыру дәстүрін өзгертті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тоғжан есімді ару ұзату тойында құрбыларына гүлдің орнына сөмке лақтырды.
Желі қолданушыларының сөзінше, құрбылары мұндай сыйлықты күтпеген, бірақ қатты қуанған. Олар болашақ тойларда гүлден гөрі пайдалы тұтынатын зат лақтыруды әдетке айналдыру керегін де айтып жатыр. Тоғжан 2005 жылы шыққан Prada Re-Edition таңдаған. Бірнеше жылдан бері сәннен түспей келеді. Мұндай аксессуардың құны – 625 мың теңге.
Қаз
Рус






