"Құны 625 мың теңге": Гүл шоғының орнына бренд сөмке лақтырған қалыңдық көпшілікті таңғалдырды

1 564

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: https://www.tiktok.com/@a.togzhana/Тұрмысқа шығып жатқан бойжеткен қалыңдық гүлін лақтыру дәстүрін өзгертті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тоғжан есімді ару ұзату тойында құрбыларына гүлдің орнына сөмке лақтырды. 

“Қалыңдық гүл шоғы – өте қарапайым деп ойладым. Ал сөмке – тұрмысқа шықпаған қыздар үшін жақсы және қажет әрі есте қаларлық сыйлық. Мен бұл жайлы олардың ешқайсысына айтпадым, сондықтан сөмке тосынсый болды", – деп жазды қалыңдық. 

Желі қолданушыларының сөзінше, құрбылары мұндай сыйлықты күтпеген, бірақ қатты қуанған. Олар болашақ тойларда гүлден гөрі пайдалы тұтынатын зат лақтыруды әдетке айналдыру керегін де айтып жатыр. Тоғжан 2005 жылы шыққан Prada Re-Edition таңдаған. Бірнеше жылдан бері сәннен түспей келеді. Мұндай аксессуардың құны – 625 мың теңге. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.