Полигонда лейтенант сарбаздың бетіне оқ атып жіберген

1 177

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

фото: Мемлекеттік күзет қызметіМаңғыстау облысында полигондағы жиын кезінде сарбаз жарақат алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте Оймаша полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің жиындары кезінде болды. Сағат 17:10 шамасында лагерь, гвардия кезекшісі лейтенант ПМ 9 мм тапаншадан рұқсат етілмеген оқ атып, гвардияның мерзімді қызмет сарбазы, қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиді.

Оқ жарақаты бар сарбаз шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді, бірақ жол бойында сағат 17:40 шамасында қайтыс болды. Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзу салдарынан болған.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып, қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.