Кәріз-сорғы стансасында газ-ауа қосындысы жарылды

155

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы кәріз-сорғы стансасында газ-ауа қосындысы жарылып, оператордың денесін түгел күйік шалды. Алдын ала болжам бойынша, ол оқиға орнында сіріңке тұтатқан, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға кеше сағат 22:55 шамасында тіркелген. Кеңқияқ ауылдық ауруханасына «Кеңқияқ-СК» КМК кәріз-сорғы стансасында жұмыс істейтін оператордың күйік шалып түскені белгілі болды. 

«Алдын ала болжам бойынша, оператор кәріз жинау бекетінің есігін ашып, шырпы тұтатқан. Күйік шалған кезде бірден күйеуіне хабарласып, ол ауруханаға жеткізген. Қазіргі кезде кәріз стансасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Алғашқы анықталған себебі – өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы. Науқастың денесінің 90-95%-ын күйік шалды. Кеңқияқ ауылдық ауруханасы алғашқы көмек көрсетті. Ал түнде әйел санавиациямен облыс орталығына жеткізілді», - деп ақпарат таратты облыс әкімінің баспасөз қызметі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.